"Росатом" Тәжікстанға радиоактивті қалдықтарды бейтараптандыруға көмектеседі

188

Тәжікстанның солтүстігінде осы жылдың соңына дейін радиоактивті қалдықтар полигондарын залалсыздандыру жұмыстары басталады.

"Росатом" Тәжікстанға радиоактивті қалдықтарды бейтараптандыруға көмектеседі Фото: Павел Лисицын / РИА Новости

Баспасөз мәслихатында Истиклол қаласының мэрі Каюм Махмудзода хабарлағандай, қалдықтарды кәдеге жарату жобасын ресейлік "Росатом" компаниясы жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дезактивациялау жұмыстарын осы жылдың соңында бастау туралы шешім қабылданды, оның ішінде 3 га аумақты алып жатқан және бір миллион тоннадан астам радиоактивті материалдардың қалдықтары бар "Табошар-3" полигоны да тазартылады", – деді қала басшысы.

Оның айтуынша, кейінірек дәл осындай шпра  миллиондаған тонна радиоактивті қалдықтар бар басқа полигондарда қолға алынады. Оған да "Росатом" жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу