Росавиация Әзербайжан ұшағы Грозный аспанына жеткенде не болғанын айтты

1032

Олар Грозный әуе кеңістігі Embraer ұшағы апатқа ұшырамас бұрын жабылған деп отыр. 

Росавиация Әзербайжан ұшағы Грозный аспанына жеткенде не болғанын айтты Фото: nmosknews.ru

Бұл туралы Росавиация басшысы Дмитрий Ядровтың Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты алғаш рет жасаған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

25 желтоқсанда Грозный әуе кеңістігі Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған кезде украиналық дрондардың шабуылына байланысты жабылған.

"Сол күні және сол уақыттағы сағаттарда Грозный әуежайының маңындағы ахуал өте қиын болды. Украиналық әскери дрондар сол уақытта Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымға террористік шабуылдар жасауға тырысты. Осыған байланысты Грозный әуежайының маңында барлық әуе кемелерінің аталған кеңістіктен дереу кетуін көздейтін "Ковер" режимі енгізілді", – деді Ядров.

Сөзінше, Грозный әуежайының маңында қалың тұман болған және 500 метр биіктікте ештеңе көрінбеген.

Бұдан басқа Росавиация басшысы апатқа ұшыраған Embraer ұшағының командирі әуе кемесін Грозныйда екі рет қондыруға әрекет жасағанымен, ол сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.

"Командирге басқа әуежайлар ұсынылды. Алайда ол Ақтау әуежайына бару туралы шешім қабылдады", –  деді ол.

Дмитрий Ядров Қазақстан мен Әзербайжанмен бірлесіп "тергеуді қажет ететін көптеген жағдай" бар екенін алға тартты. Сондай-ақ Ресей тарапы тергеуде ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу