Росавиация Евгений Пригожиннің ұшақ апатында опат болғанын растады

11759

Жеке әуе кемесі Тверь облысында апатқа ұшыраған.

Росавиация Евгений Пригожиннің ұшақ апатында опат болғанын растады Фото: interfax-russia.ru

23 тамыз күні кешке Тверь облысында Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде Евгений Пригожин де болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакске сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Росавиация растады.

Елдің ТЖМ баспасөз қызметі Тверь облысындағы Куженкино елді мекенінің жанында Embraer Legacy жеке ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Бортта 10 адам болған.

"Тверь облысында, Куженкино елді мекенінің жанында Embraer Legacy жеке ұшағы құлады. Бортта 10 адам болды, оның ішінде 3 экипаж мүшесі бар. Алдын ала ақпарат бойынша, борттағылардың бәрі қаза тапты", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Жеке ұшақ Мәскеу-Санкт-Петербург рейсін жасағаны нақтыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу