Астанада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Юрий Борисовпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ, "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" жобасын одан әрі жүзеге асыруды талқылады.
Кездесуге қатысушылар жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, оны іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.