"Роснефть" сотқа шағым түсірді

546

"Роснефть" Германияның Шведтегі мұнай өңдеу зауытын сенімді басқарушы мәртебесін ұзартуы үшін сотқап шағым түсірді. 

"Роснефть" сотқа шағым түсірді Фото: Ведомости

Бұған неміс үкіметінің 15 наурыздағы зауытты сырттай басқару ісін тағы 6 айға ұзарту туралы шешімі түрткі болды, -деп хабарлайды Дойче Валле адвокаттардың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Былтыр Германия санкциялар аясында Роснефтьті елдегі активтерін бақылаудан айырған.

Ресей мұнайының орнына Шведтегі мұнай өңдеу зауытына басқа елдерден, соның ішінде Қазақстаннан да қара алтын жеткізіледі. Дружба құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу белгісіз себептермен кейінге қалдырылып, ақпан айының соңында ғана басталды. Жоспар бойынша неміс мұнай өңдеу зауытына 1 жыл ішінде 6-7 миллион тоннаға жуық қазақстандық шикізат экспортталуы тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу