Россельхознадзор 20 тоннадан астам қазақстандық алманы өткізбей тастады

1011

Россельхознадзор 20 тоннадан астам қазақстандық алманы өткізбей тастады

28 желтоқсанда  Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы бойынша Россельхознадзор басқармасының инспекторлары  Ресейдің ФҚБ Алтай өлкесі бойынша Шекара  басқармасы қызметкерлерінен келіп түскен ақпарат негізінде Рубцовский  фитосанитарлық бақылау бекетінде 20 тоннадан астам алманы өткізбей қойды.  Алманың өсірілген елі – Қазақстан Республикасы екені тауардың ілеспе құжатымен расталған.

"Ресей азаматы фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын  тиісті сертификаты жоқ өнімді тасымалдамақшы болды. Заң бұзушының айтуынша, алма Новосібір қаласында саудаланбақшы болған", – деп хабарлады ресейлік мекеменің баспасөз қызметі "Казах-Зерно" агенттігіне.

Заң талаптарына сәйкес алманы тасымалдауға тыйым бар. Фитосанитарлық қаупі жоғары, карантиялық тосқауыл қойылған өнім Қазақстанға кері қайтарылды.

Мамандар атап өткендей, биылғы жылдың басынан бері Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы бойынша Россельхознадзор басқармасының инспекторлары   өсімдік карантині саласындағы заңды бұзу себебінен  Қазақстанға карантинге жататын 4,7 мың тонна өнім тиелген 319 көлікті кері қайтарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу