Россельхознадзор Қазақстан арқылы тасымалданған тыйым салынған ірімшіктің ірі партиясын ұстады

999

Жүк  сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық ілеспе құжатсыз және таңбалаусыз болған.

Россельхознадзор Қазақстан арқылы тасымалданған тыйым салынған ірімшіктің ірі партиясын ұстады

Россельхознадзор тыйым салынған ірімшіктің ірі топтамасын Қазақстан арқылы тасуды тоқтатты, деп хабарлайды "Интерфакс".

Тексеру қызметінің хабарлауынша, 20 тонна ірімшікті Орынбор облысымен арадағы шекарадан алып өтпек болған. Жүк  сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық ілеспе құжатсыз және таңбалаусыз болған.

Тексеру барысында ұсталған өнім Литвада өндірілгені белгілі болды. Оны жеткізуге ресейлік азық-түлік эмбаргосы 2014 жылдың тамызынан бастап тыйым салған.

Россельхознадзор Ресейде тыйым салынған өнімнің ірі партиясын Қазақстан арқылы алып өтпек боған бірінші жағдай екенін атап кетті.

Заңсыз ірімшіктің барлық партиясы 14 маусымда жойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу