Россельхознадзор басқармасының және Орынбор облысының Госавтодорнадзор қызметкерлері өсімдікті қорғау саласындағы карантин заңын бұзып, Қазақстаннан пиязды заңсыз әкелмек болғандарды ұстады.
Россельхознадзор басқармасының аймақтық сайтында хабарланғандай, 40 тонна көкөніс тиелген көлік дүйсенбі күні ресей-қазақ шекарасы учасксінің "Сағаршын" көлік өткізу бекетінде ұсталған. Өнім Ижевск қаласында сатылмақ болған.
Құжаттарды тексеру барысында пиязға жарамсыз фитосанитариялық сертификаттар берілгені аныталды Нәтижесінде өнім тиелген екі көлік Қазақстанға кері қайтарылды.
Басқарма мәліметі бойынша, орынборлық Россельхознадзор қызметкерлері өсімдікті қорғау саласындағы карантин заңын бұзғаны үшін жыл басынан бері салмағы 135 тоннадан жоғары карантиндік өнім тиелген 11 көлікті Қазақстанға қайтарған.