Ротвейлер екі әйелге шабуыл жасады

565

Зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды.  

Ротвейлер екі әйелге шабуыл жасады

Екібастұз қаласында 54 жастағы қала тұрғынына ротвейлер тұқымды ит шауып, жерге құлатқан. Салдарынан әйел адам басын соғып алған. Осыдан кейін ғана иттің иесі итті әйелден ажыратып, оған көмек көрсетпей, кетіп қалған. Ол бұл факті туралы полицияға хабарлады. Жәбірленуші бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары 47 жастағы иттің иесін анықтады. Мән-жайларды анықтаған кезде сол күні осы иттен тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды. Сағат 10.30-да 35 жастағы қала тұрғыны “Шахтер” стадионының жанынан өтіп бара жатты, бірақ сол сәтте ызаланған, қарғыбауы мен тұмырылдығы жоқ ит кенеттен әйелге қарай жүгіріп, оны қауып алады.

– Үй жануарларын серуендеткені үшін полицейлер иттің иесін ҚР ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, енді оған он АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұдан басқа, жәбірленушілерге денсаулығына зиян келтіргені бойынша сотқа жүгіну үшін сараптама тағайындалды, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу