Роза Абитова халықаралық турнирде жеңіске жетті

635

Шымкентте Әлия Юсупованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталды.

Роза Абитова  халықаралық турнирде жеңіске жетті

Шымкентте екі бірдей Олимпиада қатысушысы Әлия Юсупованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталды.

Бұл жарыста қазақстандық Роза Абитова жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир бірнеше жас санатында өтті. Ал қатысушылардың жалпы саны 100-ден асты. Негізгі категорияда - "сеньорлар" - алты елден келген 17 гимнаст бақ сынады. Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Украина өкілдері медальдар үшін өзара сынға түсті.

Жарыс нәтижесінде 74,55 ұпай жинаған Роза Әбітова жеңіске жетті. Беларусиялық Анна Каменщикова 70,8 баллмен күміс медальді жеңіп алды. Өзбекстан атынан шыққан Наргиза Джуманиязова 63,6 ұпай иемденіп,  тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу