Роза Абитова көркем гимнастикадан аралас командалық сында күміс жүлде алды

1158

Ұйымдастырушылар спортшыларды сырттай командаларға бөліп, халықаралық құрам жасақтаған. Роза енген команда ұпай саны бойынша екінші орыннан көрінді. 

 Роза Абитова көркем гимнастикадан аралас командалық сында күміс жүлде алды

Буэнос-Айресте көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Роза Абитова финалдан сырт қалды деп жазады Olympic.kz. 

Ақтық сынға өткен сегіз гимнастың қатарына ену үшін Розаға 0,50 ұпай жетпей қалды. Десе де, Роза күтпеген жерден күміс жүлдегер атанды. 

Ұйымдастырушылар спортшыларды сырттай командаларға бөліп, халықаралық құрам жасақтаған. Роза енген команда ұпай саны бойынша екінші орыннан көрінді. 

"Роза финалға өткен жоқ. Небары 0,50 ұпай жетпей қалды. Бірақ біздің спортшы үшін бұл үлкен мүмкіндік әрі тәжірибе болды. Әрі қарай шыңдалуына серпін беретін жарыс екені сөзсіз. Ал ұйымдастырушылар күтпеген жерден тосынсый жасап, балалардың барлығына медаль үлестіруге тырысты. Розаның командасы күміс жүлдегер атанды", - дейді көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бапкері Лола Әділханова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу