Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманын айтты

868

Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұлды болу. 

Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманын айтты Фото: instagram.com/roza_alqozha/

Белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа сәлем беріп, қалын біліп қайтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнер иелері саумалханада бас қосып, ән мен жырдан шашу шашты. 

“Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері “ағаға барып қайтайық” деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87-ге келіпті. Саумал орталығында жиылғандар ән сұраған соң шама келгенше бірнеше ән орындадық. Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен…”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі әңгіме арасында халық әртісінің ең үлкен арманын да айтып қалды. 

“Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой… Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұлды болу. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар”, – деді әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу