Роза Бағланованың 100 жылдығына орай 28 қыркүйекте Қазақстанның Халық әртісінің кіші отанында үлкен мерекелік концерт өтеді, депхабарлайды inbusiness.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
"Биыл Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Біздің "Қазақконцерт" концерттік ұйымымызға Роза Бағланованың есімі берілді. Биыл біз оның кіші отаны – Қызылорда облысына барамыз. Облыс тұрғындары үшін Astana Musical театрының ұжымы, "Тұран" ансамблі және "Қазақконцерт" әртістері өнер көрсетеді", – деді брифингте Роза Бағланова атындағы" Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.
Гастрольдік тур Қызылорда облысында 28 қыркүйекте басталады. Өңір тұрғындарына "Достар серті" және "Роза Бағланова" спектакльдері ұсынылады.
Сондай-ақ әртістер облыстың Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарын аралайды. "Қазақконцерт" ұжымы Байқоңыр қаласына да барады.