Облыс әкімдігінде "Абай облысының Құрметті азаматы" атағын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Өңірдің ең жоғары наградасын осымен екінші мәрте табыстап жатырмыз. Бұл – елге адал қызмет етіп, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы, өңірге, елге танымал, – деді Абай облыс әкімінің әкімі Нұрлан Ұранхаев.
"Абай облысының Құрметті азаматы" атағын алғандар:
– Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР еңбек сіңірген артисі Роза Рымбаева;
– ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков;
– Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Еспенбетов;
– "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Милютин;
– "Зайтенов" шаруа қожалығының басшысы Ерлан Зайтеновке берілді.
"Абай облысының Құрметті азаматы" медаліндегі айрықша белгінің өз мағынасы бар. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді.
– Көк – бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді. Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді, – деп хабарлады өңір әкімдігінен.