Роза Рымбаева "Славян базары" фестивалінде қазылар алқасының төрағасы болды

837

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, жауапкершілігі мол шаруа сеніп тапсырылғанын атап өтті. 

Роза Рымбаева "Славян базары" фестивалінде қазылар алқасының төрағасы болды Фото: instagram.com

Беларусь елінінің Витебск қаласында осымен XXXIII рет ұйымдастырылып отырған халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қазылар алқасының төрағасы ретінде үміткерлердің талантын бағаламақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қадірлі жерлестер! Біз Беларусь еліндеміз. "Лучеса" қонақ үйіне аялдадық. Витебск қаласында өткелі отырған "Славян базары" атты ауқымды фестивальге кеп қалдық. Биыл мен қазылар алқасының төрағасымын. Бұл – өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс", - деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Роза Рымбаева қазылар алқасының тұрақты мүшелерінің бірі. 2018 жылы Беларусь президенті Александр Лукашенко фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде Роза Рымбаеваға "Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке" арнайы марапатын табыс еткен болатын. Сондай-ақ, Витебск қаласындағы "Жұлдыздар алаңында" қазақстандық әншінің жұлдызы орнатылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу