RT бас редакторы Маргарита Симоньянға Арменияға кіруге тыйым салынды

1135

Армения билігі RT бас редакторы Маргарита Симонянның елге кіруіне тыйым салды.  

RT бас редакторы Маргарита Симоньянға Арменияға кіруге тыйым салынды Фото: РИА новости

Бұл туралы Симоньян өзінің Telegram арнасында хабарлады. Ол армян билігінің бұл шешімінің себебін атаған жоқ.

Симоньянның айтуынша, "көптеген жылдар бойы Арменияны қатты қолдап келген" Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулинге де Арменияға кіруге тыйым салынды.

Бұған дейін Константин Затулин Армениядан елгі кіруге қатысты хат алғанын айтқан болатын.

Хатта Затулиннің мәлімдемелері екі мемлекет арасындағы достық пен одақтастық қатынастардың дамуына нұқсан келтіретіні атап өтілді.

Дәлірек айтқанда, Армян бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Затулинге "Армения билігін Таулы Қарабақтағы 44 күндік соғыс кезіндегі жеңіліс үшін бірнеше рет көпшілік алдында айыптағандықтан" кіруге тыйым салынды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу