"РТС Holding" алматылық ардагерлерді жаңа жылмен құттықтады

323

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

"РТС Holding" алматылық ардагерлерді жаңа жылмен құттықтады Фото: Inbusiness.kz

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Ірі отандық логистикалық компания PTC Holding пен РТС Оператордың бұл негізгі басым бағыттарының бірі. Өйткені, компания өкілдері оны естен шығарған емес. Бұл жолы соғыс ардагерлері мен еңбек майданына қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Оларға холдинг атынан сыйлықтар табыс етіліп, тілектер де айтылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Таң атысымен "PTC Holding" пен "РТС Оператор" өкілдері екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткендерге сыйлықтар табыстады. Алғаш болып, 96 жастағы Әсима Жетпісбаева шаңырағына барды. Ол кезде 12 жастағы Әсима ауыр станоктың алдында тұрып, зауытта жұмыс істеді. Ал, кәсіпкерлердің алып келген бүгінгі сыйлығы ардагер үшін қымбат. Өйткені, ол адал еңбек пен нанның қадірін біледі.   

"Әпкеміз екеумізге 100 рубль берді. Мен ол уақытта 5-ші сыныпта оқимын. Мынандай ғана нан сатып алдық. Бірақ, оның құны 1200 рубль. Мектепті тастап цехта жұмыс істеуге бардым. Майдан үшін еңбек еттік", - дейді тыл ардагері Әсима Жетпісбаева.

Ғасыр жасаған Ольга Совенко. 19 жастағы алматылық ару майданға аттып, фашистік жауға қарсы тұрды. Мереке қарсаңында алған сыйлыққа қуанғаны соншалық, қонақтарға қара өлең оқып берді.

Бұл кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері үшін жәй ғана дәстүр емес, өзінің өмірі мен денсаулығын тәуекелге тігіп, елді жаудан қорғағандарды ұмытпай, оларға құрмет көрсету. 

"РТС Оператор" компаниясы ардагерлерді құттықтауға келдік. Әрқашанда, олардың еңбектерін, ерліктерін ұмытпаймыз. 9 мамырда ғана емес, басқа мейрамдарда құттықтауға әрекет жасаймыз. Бүгін жаңа жыл қарсаңында ардагерлерге сыйлықтар бердік, көңіл-күйін білдік", - дейді  "РТС Оператор" компаниясының Алматы қаласындағы өкілі  Нұрлан Абдуқалиев.

"Біздің қор ардагерлерге түрлі көмек көрсетеді. Соның ішінде мәдени, әлеуметтік-медициналық көмектер де бар. Әрине, компаниялардың қолдауын іске асыра алмаймыз", - дейді  "ҰОС ардагерлері кеңесі" қорының атқарушы директоры Райхан Жапарханова. 

Мамандар соңғы кездері елімізде отандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілікке бет бұрып жатқан дәуірдің қалыптасқанын айтады. Өз кезегінде ел билігі бизнесті қайырымдылық істерге ынталандыру үшін барын салуда. Бір ғана мысал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2023" байқауын айтуға болады. Оның қорытындысы бойынша ондаған компания Президенттің қолынан түрлі марапаттарға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу