Рубль бағамы құбылып тұр

732

Қазақстанның ақша айырбастау орындарында Ресей валютасының бағамы тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рубль бағамы құбылып тұр Фото: inbusiness.kz

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,9 – 5,2 теңге аралығында сатылып жатыр, ал Астанада 5 – 5,15 теңге аралығында құбылып тұр.

Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкентте Рессей рублі 5,02 – 5,15 теңгеден ұсынылуда.

30 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 5,12 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль үшін 5,14 теңге.

Ал АҚШ долларының бүгінге белгіленген құны – 452,51 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу