Рубльдің қымбаттауы жылжымайтын мүлік бағасына кері әсерін тигізеді - сарапшы

1066

Рубльдің қымбаттауы жылжымайтын мүлік бағасына кері әсерін тигізеді - сарапшы

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтың айтуынша, қазіргі таңда үй бағасының арзандау үрдісі сақталуда, деп хабарлайды naryk.kz.

"Жаңадан салынған үй бағасы 5-10 пайыз арзандады, ал енді салынған үйлер өз бағасын түсірмей тұр. Нарықты ұстап тұрғаны да солар", — дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін үй бағасы көтерілмеуі тиіс. Бір шаршы метрдің бағасы нарықта қолжетімді деңгейге төмендеген кезде ғана сауда қайта жанданбақ. Дегенмен, бұл келер жылы да бола қоймайтын нәрсе.

Ал доллар бағамының құбылуы туралы сарапшы ешқандай да уайымдаудың қажет еместігін айтады. Оның айтуынша, баға теңгемен белгіленгендіктен, доллардың құны үй бағасына әсер етпейді.

Ал сарапшы Мария Реннің айтуынша, жаңа үйлердің бағасы жыл соңына дейін тұрақты сақталуы тиіс. Бірақ маусымдық науқанға байланысты аздап қымбаттауы да ықтимал. Ал қайталама нарықтағы үйлерге сұраныстың аздығынан баға қымбаттамайтыны анық. Тіпті, қайталама нарықтағы үйлер айына 1,5 пайызға дейін арзандауы ықтимал.

Ал THS Group құрылыс компаниясының директоры Қайрат Құдайберген, керісінше, рубльдың қымбаттауымен Қазақстанда үй бағасы шамамен 10 пайыз қымбаттайды деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу