Рудный қаласының жылу желілеріндегі апат 12 қаңтар күні таңертең болған. Жеке тұрғын үйдегі аккумулятордың жарылуы салдарынан 15 үй жылусыз қалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Рудный жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап хабарлайды.
""Рудный жылу желілері" ЖШС диспетчеріне көшені апатты түрде өшіру қажеттігі туралы өтініш келіп түскен. Оған себеп – жеке тұрғын үйдегі батареяның жарылуы. Сондай-ақ, тұрғындардың өшіру қақпашалары жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта, 15 үй жабылды", – делінген компанияның хабарламасында.
Бір топ бригада қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, апатты жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Компания өкілдері атап өткендей, апатты жағдай оның ішкі желілерін дұрыс дайындамау және үйге кіре берісте де, үй ішінде де іске қосылатын өшіру қақпашаларының болмауы салдарынан туындаған.