ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Рудный аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу