Биыл Рудный қаласының 60 жылдық мерейтойы тойланады. Осыған байланысты 18 тамызда "Тың-Целина-2017" облыстық спартакиадасы өтеді, деп жазады "Қостанай таңы".
Спартакиада үш күнге созылмақ. Ашылу салтанаты күндіз өтеді. Қаланың орталық алаңында кең ауқымды концерттік бағдарлама болады. Жергілікті өнерпаздармен қоса Түмен қаласынан "Союз" КТК командасы, жастар арасында танымалдылыққа ие DJ Грув келіп, өнерлерін паш етпек.
Рудныйлықтар мен қала қонақтары шараның екінші күні Қайрат Баекенов & Формат тобының және ресейлік атақты әнші Ани Лорактың ән-шашуын тамашалай алады
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу