Рудный мұнай базасындағы дау: Шаруаларға жанармай уақытылы беріледі

861

Ағайынды екі кәсіпкер арасындағы дау салдарынан басқа кәсіпкерлер қиын жағдайға қалған.

Рудный мұнай базасындағы дау: Шаруаларға жанармай уақытылы беріледі

Дауға жергілікті билік және Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері араласты. Нәтижесінде мәселе шешілді – фермерлерге жеңілдікпен берілетін жанармай жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Рудный мұнай базасындағы дау жұртшылық арасында наразылық тудырды. Отбасылық кикілжің мұнай базасының жабылуына себеп болған. Соның салдарынан жеңілдікпен берілетін жанармайды жеткізуші оператор "Авторесурс Т" ЖШС жөнелтуге байланысты проблемаға тап болды.

"Қазір шаруаларда жеңілдікпен жанармай алуға қатысты мәселесі шешілді. Оператор басқа теміржол тұйығын жалға алды. Енді екі құрылтайшы арасында мүлікті бөлу бойынша дау жүріп жатыр", – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

"Авторесурс Т" ЖШС директорының м.а. Юрий Трифонов оның кәсіпорны жеңілдікті жанармай жеткізу бойынша өзіне жүктелген барлық міндетті орындайтынына сендіреді.

"Авторесурс Т" ЖШС мемлекет тарапынан көрсетілген сенімді бағалайды, сондықтан ауыл шаруашылығын өндірушілерді жеңілдетілген жанармаймен қамтамасыз ету бойынша барлық шарттық міндетті белгіленген мерзімде орындайды. Фермерлер зардап шекпейді", – деп уәде берді Юрий Трифонов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу