Жазатайым оқиға Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің Соколов шахтасында болған. 280 метр тереңде жұмыс істеп жатқан шахтер қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өндірісте құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін 280 метр тереңдікте тау-кен массасының бір бөлігі опырылып, жұмысшының үстіне құлап басып қалған. Салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ресми хабарламада.
Кәсіпорын ұжымы көңіл айтып, сондай-ақ марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу