Рудный тұрғындары жарықсыз қалды

349

Қостанай облысының Рудный қаласында электр қуаты ішінара сөніп қалды.      

Рудный тұрғындары жарықсыз қалды Фото: Inbusiness.kz

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Рудныйдың орталық қосалқы стансадан қуат алатын кабелі зақымданған.

Осыған байланысты қаланың 4 көшесінде электр жарығы өшіп қалған. Нақты қанша үйдің жарықсыз қалғаны белгісіз. 

"Ақау табылды, оны "Аттика" ЖШС мамандары жөндеп жатыр. Жағдай Рудный қаласы әкімдігінің бақылауында" - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу