Рудныйда 6 жасар екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

975

Қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталып жатыр.

Рудныйда 6 жасар екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Рудныйда 2016 жылы туған ағайынды екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Балалар Рудный ауруханасына жедел жәрдем желісі бойынша 12 қазан сағат 8 шамасында түскен. Ауруханаға түскенде әлсіреп, денесі босаңсып, ұйқышылдық мазалайтынын айтып шағымданған. Бөлімшеге орналастырылған. Инфузиялық терапия жүргізілген. Жағдайы жақсарып, анасының талабы бойынша ауруханадан шыққан", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Анасы үлкен баласы үйде қараусыз қалуына байланысты балаларын ауруханадан шығарып алуға мәжбүр болған.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, балалардың өлім себебін сарапшылар анықтайды. 

"Оның ішінде, улануға қатысты сараптама да тағайындалды. Уланып қалуы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажет материал алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін белгілі болады", – дейді Ксения Жылқыбаева. 

Айта кетсек, қазіргі уақытта екі ағайындының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

"Рудный қаласында алты жасар екі баланың өлімі фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу