Рудныйда 900 орындық қазақ мектебі ашылды

167

5 ақпанда мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін жаңа мектеп қолданысқа берілді.  

Рудныйда 900 орындық қазақ мектебі ашылды Фото: adyrna.kz

Жаңа мектепте оқушылардың қабілеттерін ашуға барлық жағдайлар жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кіші, орта және жоғары буын үшін жеке блоктар қарастырылған. Химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертхана оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.  Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері - лингафондармен жарақталған. 

Мектепте қажетті құралдарымен 3 спорт залы, хореография залы, жайлы асхана бар. Еңбекке баулу шеберханаларында станоктар және тігін жабдықтары қойылған.

Аулада оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қозғалыс ойындарға және демалуға арналған алаңдар орнатылған.

Айта кетейік, өңірде Ұлттық жоба аясында 4500 орындық 6 мектеп ашылды:  Арқалық қаласында (300 орын), Қостанай ауданының Заречный ауылында (900 орын), екі мектеп Қостанай қаласында (1200 және  900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында (300 орын) және Рудный қаласында (900 орын).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу