Рудныйда әкесі ұлының үстінен сарымсақ ұрлады деп шағым түсірді

1042

Рудныйда әкесі ұлының үстінен сарымсақ ұрлады деп шағым түсірді

Рудныйлық зейнеткер өзіне назар аударту үшін ұлын сарымсақ ұрлады деп айыптады. Қостанай облысының полицейлері отбасылық драманың қылмысқа еш қатысы жоқ екенін анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz.

"Рудный қаласы Ішкі істер басқармасына 67 жастағы зейнеткер ерекше шағым түсірді. Ақсақал өз ұлын он түйір сарымсақ ұрлады деп айыптады. Зейнеткер ұрланған сарымсақтан 800 теңгеге шығын келгенін айтып, полицейлерден ұлын тауып, жоғалған затын қайтаруды талап етті", – деп хабарлады ІІД.

Іс ұсақ ұрлықпен айналысатын жергілікті учаскелік полицейге берілді. Ұлы табылған, оның сөзіне қарағанда, әкесі осылайша өзіне назар аудартуға тырысуда.

Рудный қаласының учаскелік полицейлері зейнеткерлерден мұндай шағымдар жиі түсіп тұратынын айтады, олар шынымен де жақындарының мейіріміне зәру екен.

Ұлы әкесіне сарымсақ сатып алып, үйіне барып қайтуға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу