Рудныйда алаяқ жоқ коттедждерді жалға беріп, ақша тапқан

116

Ол OLX платформасы арқылы жалған хабарландыру жариялап, өз туған күнін атап өтуді жоспарлаған ер адамды алдап соққан.

Рудныйда алаяқ жоқ коттедждерді жалға беріп, ақша тапқан Фото: canva.com

Рудный қаласында алаяқтықпен айналысқан 24 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқ жарнамаға "жайлы коттеджді жалға беремін" деп жазып, мереке ұйымдастыруды ойлаған клиенттен 70 мың теңге сұраған. Ұсынысқа қызыққан азамат алдын ала 35 мың теңге аударғанымен, сол сәттен бастап жалған үй "иесі" байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, алаяқтық жасаған әйел 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың құрбаны болмас үшін мынадай маңызды кеңестерді ұсынады. Онлайн тауарлар мен қызметтерге күмәнмен қарап, олар туралы ақпаратты жеке тексеріңіз. Тауарды немесе қызметті қолыңызға алмайынша, ешқашан алдын ала төлем жасамаңыз. SMS арқылы растауды талап ететін күмәнді хабарламаларға сенбеңіз. Сатушының немесе жалға берушінің пікірлері мен беделін мұқият зерттеңіз. Егер алданып қалсаңыз, бірден банк шоттарыңызды бұғаттап, полицияға хабарласыңыз.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу