Рудныйда цемент зауыты іске қосылады

1131

Рудныйда цемент зауыты іске қосылады

Үстіміздегі жылы Рудныйда цемент зауыты іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Майшин журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Қостанай таңы газеті.
Естеріңізде болса, зауыт құрылысы 2012 жылы басталған. Алайда, қаржы жетіспегендіктен құрылыс жұмыстары кейінге шегерілген еді. Жаңа өндіріс ошағы іске қосылғанда жылына 500 мың тонна цемент өндіруге тиіс.       

Талғат Кенжебайұлы кәсіпорынның нақ қай кезде ашылатындығын айтқан жоқ. Дегенмен, цемент зауыты облыстағы құны 20 млрд теңгеге бағаланып отырған ірі төрт жобаның бірі. Онда үш жүзден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. Сондай-ақ, Федоров ауданында сұйық май шығаратын кәсіпорын, "Баян сұлу" АҚ-ында  глазирленген кәмпиттер мен карамель қосылған глазирлі печенье цехы іске қосылады.      

Айтпақшы,  Қарабалықтағы, баяғы "Комсомол" құс фабрикасының базасында жылына 12 мың тонна бройлер өндірісінің жобасы дадайын тұр. Ол да осыған дейін қаражаттың жетіспеуінен орта жолда тоқтап қалған-ды. Енді оған жаңа инвестор тартылды.        

Жалпы, облыста құны 309,6 млрд теңгеге бағаланған 11 жоба жүзеге асырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу