Рудный қаласында кәріз құдығынан күйіп қалған ер адамның денесі табылды. Марқұмның кім екені әлі анықталмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
– Тәртіп сақшылары мәйіттің табылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті шаралар жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталып жатыр, – делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу