Рудныйда кәсіпорын қазандығында болған апаттан екі адам көз жұмды

981

Рудныйда кәсіпорын қазандығында болған апаттан екі адам көз жұмды

Қостанай облысының Рудный қаласында "Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің" ЖЭО қазандығында апат орын алды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".

"6 желтоқсанда сағат 15.30-да  Рудный қаласының өндірістік аймағындағы "ССТКӨБ" АҚ ЖЭО қазандығында, 3-қабатта редукциялық-салқындату қондырғысының төмен бөлігі жарылған", – делінеді ведомство таратқан хабарламада.

Апат салдарынан  кәсіпорында еден жуушы болып жұмыс істейтін  1972 жылы және  1971 жылы туған екі әйел қайтыс болды.

"Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді (ЖЭО жұмыскерлері мен мердігерлер – (Қарағанды құбыр-механикалық зауыты). Апат ЖЭО-ның жұмысына әсер еткен жоқ. Нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр", – делінеді хабарламада.

Апатты жоюға 11 техника мен  арнайы қызметтердің  39 адамы жұмылдырылған.

"Қазіргі таңда комиссия құрылды. Біздің мамандар кәсіпорында жұмыс жүргізіп жатыр", – делінеді баспасөз баянында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу