Рудныйда мас тұрғын спорт алаңындағы жасөспірімдерге шабуыл жасаған

520

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Рудныйда мас тұрғын спорт алаңындағы жасөспірімдерге шабуыл жасаған Фото: ng.kz

Рудныйда мас тұрғын спорт алаңындағы жасөспірімдерге шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, оқиға 10 қыркүйек күні Ленин көшесі, 177 мекен-жайындағы үйдің жанында болған. Шамамен 13 жастағы балалар футбол ойнап жүрген кезде спорт алаңына мас тұрғын кіріп, допқа жармасқан.

Жасөспірімдердің ата-аналарының сөзінше, олардың балалары алаңнан кеткісі келген. 

"Алайда ер адам бір баланы қуып жетіп, оған жұдырығын ала жүгірген. Бала мидың шайқалуымен ауруханаға жатқызылды, бүгінде дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады балалардың ата-аналары.

Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу