Рудныйда мұз астына түсіп кеткен балықшылар құтқарылды

129

Оқыс оқиға кешке Рудный қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Сергеев су қоймасында болған.  

Рудныйда мұз астына түсіп кеткен балықшылар құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға түсіп кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Балық аулаймыз деп оқыста жарылған мұздың астына кеткен екі қостанайлық азаматты жергілікті ТЖМ қызметкерлері аман-есен құтқарып қалды.

 Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері уақыт күттірмей құтқару жұмыстарына кіріскен.

Қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында екі балықшы да құтқарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі арқылы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.

ТЖМ көктем мезгілінде мұздың беріктігі төмендеп, аса қауіпті болатынын кезекті мәрте ескертеді. Күн жылынып келе жатқан қазіргі таңда мұз үстінде жүру өмірге қауіп төндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу