Рудныйда мұзды спорт сарайы өртенді

950

Рудныйда мұзды спорт сарайы өртенді

Рудный қаласында "Мұзды спорт сарайы" өртенді, — деп хабарлайды Alau.kz Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 13 ақпанда болған. 

"21:50-де Ленин көшесінің бойында орналасқан "Мұзды спорт сарайының" жертөлесінде орналасқан қоймада қоқыс өртенген. Өрт 22:22-де ауыздықталып, 22:37-де толығымен сөндірілген. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған. Бес адам эвакуацияланды", — делінген таратылған хабарламада.  Өрт сөндіруге үш арнайы техника мен жеке құрамның сегіз адамы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу