Рудныйда полицейді көлігімен сүйреген азамат ұсталды

418

Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Рудныйда полицейді көлігімен сүйреген азамат ұсталды Фото: Polisia.kz

Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Сағат бір шамасында Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтады. 

Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

"Полиция қызметкері көліктің қозғалысына кедергі келтірді, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды. Қабылданған шаралар барысында 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Күдіктіге ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

ПД жағдайды объективті бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу