Рудныйда полицейлер денсаулығы нашарлаған Тәжікстан азаматтарына көмектесті

329

Тәжікстан азаматтары жүк көлігімен Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жол жүрген.  

Рудныйда полицейлер денсаулығы нашарлаған Тәжікстан азаматтарына көмектесті Фото: polisia.kz

Түнгі патрульдеу кезінде Рудный қаласының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тасжолда жүк көлігін байқайды. Көліктің жанында тұрған ер адамдар полицейлерден көмек сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жолда жүргізушілердің бірінің денсаулығы кенеттен нашарлап, ол әлсіреп, асқазанының ауырғанын айтқан.

Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Жәнібек Ғалымханов пен рота инспекторы Айбол Аңсағанов шетел азаматтарына дереу көмекке көрсеткен. Полицейлер жедел жәрдем бригадасын шақырып, медицина қызметкерлері келгенге дейін жүргізушінің жанында болған.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамды тексеріп, қажетті көмек көрсетті. Осыдан кейін оның жағдайы жақсарып, ауруханаға жатқан жоқ.

Жүргізушінің жағдайы жақсарғанына және жолын жалғастыра алатынына көз жеткізген патрульдік полицейлер шетел азаматтарының тасжолға қауіпсіз шығуына көмектескен. Тәжікстан азаматтары полиция қызметкерлеріне жанашырлығы, жедел әрекеті және елінен жырақта көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу