Рудныйда полицейлер зейнеткерді құтқарып қалды

461

75 жастағы зейнеткер өміріне қауіпті әрекет жасамақ болған

Рудныйда полицейлер зейнеткерді құтқарып қалды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Рудный қалалық полиция басқармасының “102” пультіне Қашар кентінде 4-қабаттағы балконнан егде жастағы әйел жерге түсуге тырысып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол үшін төсек жапқыштарын бір-біріне байлаған.

Полиция қызметкері дереу төртінші қабатқа көтерілді. Бірақ пәтер есігі жабық болды. Содан кейін ол зейнеткердің жоғарғы қабаттағы көршісіне барып, балкон арқылы әйелмен сөйлесе бастады. Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлы жұмысқа кетіп, есікті сыртынан кілттеп кеткенін айтты. Әйел есікті аша алмаған кезде шығуға тырысқан. Содан кейін балконға шығып, төсек жапқыштарымен түскісі келген.

"Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым. Оны тыныштандыруға тырыстым және осы уақытта әйелдің туыстарына қоңырау шала бастадым. Біраз уақыттан кейін оның жиені келді. Ол азаматта үйдің қосымша кілті болды", деді учаскелік полиция қызметкері. 

Көп ұзамай шұғыл жұмыстарымен кетуге мәжбүр болған ұлына да болған оқиға туралы хабарланды. Ол бірден үйге келді. Анасын мазаламау үшін есікті сыртынан жауып кеткенін айтты. Ер адам учаскелік полиция қызметкеріне уақытында көмек көрсеткені және ықтимал қайғылы жағдайдың салдарын болдырмағаны үшін алғыс білдірді. Ол полиция қызметкері Тілектес Аубакировтің кәсібилігін атап өтті. Ол осы уақыт ішінде әйелді тыныштандыруға тырысты және онымен үнемі сөйлесіп отырды. 

Айта кету керек, зейнеткерге көмектескен полиция қызметкері ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу