Рудныйда тәртіп сақшысын қасақана қаққан тұрғын сотталды

344

Ол билік өкіліне зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рудныйда тәртіп сақшысын қасақана қаққан тұрғын сотталды Фото: ortcom.kz

Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Еске сала кетейік, жүргізуші Корчагин көшесіндегі мүгедектерге арналған тұраққа тоқтаған.

Сәйкесінше, тәртіп сақшысы көлікке жақындап, оған ескерту жасаған. Бірақ жүргізуші бірден теріс қылық көрсетіп, ол жерден дереу қашып кетпек болған.

Тоқтатуға әрекеттенген тәртіп сақшысын 50 метрге дейін сүйрей жөнелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу