Рудныйда жарылғыш туралы жалған хабар таратқан азамат жазасын алды

1174

Рудныйда жарылғыш туралы жалған хабар таратқан азамат жазасын алды

Рудный қалалық соты жас жігітті терроризм актісі туралы жалған ақпар таратты деген айыппен екі жылға соттады, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап azattyq.org.

Сот материалдары бойынша, 23 жастағы Е.Акмырзаев есімді азамат 1 қыркүйек күні кешкісін уақытта қаладағы  Ленин көшесінде орналасқан №70-ші үйдің жеделсаты қабырғасына қарындашпен "5 қыркүйекке қараған түні мерт боласыздар", "Үйлеріңізде бомба жарылады" деп жазып кеткен. Осыдан соң 5 қыркүйекке қараған түні аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланған. Тұрғындарға үйлеріне жарылғыш зат бары туралы ақпарат расталмаған соң оралуға рұқсат берілген.

Рудный қалалық сотының үкімі бойынша, Ақмырзаев жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот сонымен қатар сотталушыны "бомба туралы" ақпарды тексерген мекемелерге үш миллион теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге міндеттеген.

Сот ақпаратына қарағанда, сотқа дейінгі тергеуде прокурорлар мен сотталушы арасында процессуалдық келісім жасалған. Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу