Рудныйда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кетті

417

Жол-көлік оқиғасы 8 қазан күні болған.  

Рудныйда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кетті Фото: www.ng.kz

Рудный қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz www.ng.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жол апаты Горький және Ленин көшелерінің қиылысында болған.

"Бұл реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі. Ағаштың артында бағдаршам орналасқан. "Daewoo Nexia" маркалы көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп, 12 жастағы баланы қағып кетті. Бала жасыл түс кезінде жүгіріп шықты, жүргізуші бағдаршамның қызыл түсінде өткен", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жасөспірім стационарлық ем қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу