Рудныйда жеті жасар бала мерт болды

161

БАҚ-тың хабарлауынша, топырақ опырылған кезде бала шұңқырда ойнап жүрген.  

Рудныйда жеті жасар бала мерт болды Фото: NewTimes.kz

Рудныйда тереңдігі үш метр шұңқырда жүрген жеті жасар баланы топырақ басып қалып, бала мерт болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қайғылы оқиға 26 тамызда қалада суық сумен жабдықтау құбырларын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта орын алған.

Шұңқырдың бойында қоршаулар, ал мердігер ұйымның жұмысшылары оқыс жағдай болған кезде жұмыс орнында болмаған.

Баланың денесін топырақ астынан Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары алып шыққан.

Полиция құрылыс қызметі саласындағы ережелерді бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері процессуалдық шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады. Іс Қостанай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу