Рудныйда жоғалған жігіттің қылмыскерлер қолынан көз жұмғаны анықталды

1050

Рудныйда 28 жастағы жігітке 100 келі жүк байлап, суға батырған.

Рудныйда жоғалған жігіттің қылмыскерлер қолынан көз жұмғаны анықталды

Бір айдан бері із-түзсіз жоғалып, іздеу салынған Рудный тұрғыны судан табылды. Полиция қызметкерлері қылмыстың кейбір мән-жайын ашты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылдың 8 маусымында Рудный қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын келіп, баласының бірнеше күн бұрын жоғалып, хабарсыз кеткенін айтқан.

Қылмысты ашу үшін Рудный қаласының полиция департаменті мен полиция басқармасының тәжірибелі мамандарынан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Рудный қаласы прокуратурасының бақылауына алынды.

"Полиция қалада және қала сыртында жедел тергеу барысында Рудный қаласының 20 және 29 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Екеуі де бұған дейін бірнеше рет сотталған. Оның ішінде ауыр қылмыс жасағаны үшін де жауапқа тартылған. Күдіктілердің бірі облыстан қашып бара жатқанда ұсталды. Соңынан айғақтар мен дәлелдердің күшімен күдіктілер қылмысын мойындап, ер адаммен сөзге келіп қалғандықтан өлтіргенін және мәйітті қаладан 200 шақырым жерде суға батырғанын айтты", - деп мәлім етті полиция өкілі.

Күдіктілердің жауабын тексеру арқылы мәйіт 16 шілде күні Ұзынкөл ауданының Алабұға өзенінен табылды. Денесінде көптеген жарақаттар бар. Сондай-ақ, мәйітке 100 келі жүк байланған. Күдіктілердің бірі осы жердің тумасы болғандықтан, өңірді жақсы білген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу