Рудный қаласының Топоркова көшесінде жүк көлігі өртенді. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер келген кезде көліктің мотор бөлігі мен кабинасы ашық жалынға оранған. Өрт көбіктүзгіш зат қолдану арқылы сөндірілді.
ТЖМ автокөліктерді уақтылы техникалық тексеруден өткізіп, жанармай және электр жүйелерінің жағдайын бақылауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу