Рудныйда жыл соңына дейін қоқыс шығарумен айланысатын жаңа мердігер анықталмақ

455

Рудный қаласында жыл соңына дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айланысатын жаңа мердігер анықталмақ, деп жазады inbusiness.kz "Костанайские новости" порталына сілтеме жасап.

Рудныйда жыл соңына дейін қоқыс шығарумен айланысатын жаңа мердігер анықталмақ Фото: Рудный қаласының әкімдігі

Өңірдегі билік қоқыс шығару жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жасалғанын хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бұрынғы мердігер "экономикалық және техникалық мәселелерге байланысты" қызмет көрсетуді тоқтатқан жерде жаңа еуроконтейнерлер орнатылған.

Уақытша мердігер ("L-Traiding" ЖШС) жаңа арнайы техниканы таныстырды. Бір машинаның 80 контейнерді тазартуға қауқары жетеді.

Серіктестік пен қалалық тұрғын үй-шаруашылық бөлімі арасында жасалған меморандумға сәйкес, ЖШС мердігерді анықтау бойынша конкурс аяқталғанға дейін 21 қоқыс алаңына қызмет көрсететін болады. Қоқыстар күн сайын шығарылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу