Рудныйда жылу трассасында жарылыс болды

588

Салдарынан 83 тұрғын үй жылусыз қалды.  

Рудныйда жылу трассасында жарылыс болды Фото: ng.kz

Рудный қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қаңтар күні сағ. 10.30-да Горняков көшесіндегі диаметрі 530 мм болатын жылу трассасында жарылыс болды, деп жазады inbusiness.kz "Наша газета" порталына сілтеме жасап.

"Жылудан ажыратуға 24 үй, жеке сектордағы 59 үй, заңды тұлғалар – 16 ғимарат жатады. Бүгінгі таңда жарылыстың орны анықталып жатыр. Одан кейін "Рудный жылу желілері" ЖШС авариялық бригадаларының күшімен қысқа мерзім ішінде жұмыстар жүргізілетін болады", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, бұл жылыту маусымы басталғалы бері Рудныйда болған бірінші апат емес. 10 желтоқсан күні Дзержинский-Горький көшелерінің қиылысындағы суық су құбыры жарылған болатын. Ал, 30 қараша күні қаладағы тұрғын үйлер мен мектеп жылусыз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу