Рудныйда жылу желілеріндегі апатқа байланысты бірқатар көшеде қозғалыс шектеліп, қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгерді, деп жазады inbusiness.kz "Наша газета" сайтына сілтеме жасап.
"Жылу желілеріндегі коммуналдық апатқа байланысты Горняков көшесі Мир көшесі-Строительный көшелеріне дейін, Дзержинский көшесі Горняков көшесінен бастап Октябрьге 40 жыл көшесіне дейін қозғалыс шектелді. Бұл көшелер арқылы жүретін автобус маршруттарының қозғалыс кестесі өзгертіледі", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу