Қайғылы оқиға "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ кенді дайындау және байыту цехында болды. Жөндеу жұмыстары кезінде ер адам ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
– Вагонаударғышты жөндеу кезінде жөндеуші слесарь өте ауыр жарақат алды. "ССТКББ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу