Рудныйдағы қызметі тоқтатылатын колледждің студенттері енді қайда оқиды

1001

Бұл шара, ең алдымен, бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған. Колледж директоры Төлеген Жабуловтың айтуынша, бүгінде оқу орнын оңтайландырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленген.   

Рудныйдағы қызметі тоқтатылатын колледждің студенттері енді қайда оқиды

Рудный технология және сервис колледжі келесі жылы өз қызметін тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Рудный қаласындағы технология және сервис колледжі келесі жылдан бастап өз жұмысын тоқтатады. Бұл шара, ең алдымен, бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған. Колледж директоры Төлеген Жабуловтың айтуынша, бүгінде оқу орнын оңтайландырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленген.

"Біздегі аспаз-кондитер, шаштараз, контролер-кассир мамандығында оқитын студенттер тау-кен технология колледжіне, наубайшы мен тігіншілер әлеуметтік-гуманитарлық колледжге, ал автослесарьлар мен автоэлектриктер құрылыс және көлік колледжіне ауыстырылады. Қазіргі міндет - осы білім мекемелері жаңа мамандықтарды оқыту үшін 2019 жылдың 1 наурызына дейін лицензияны алуы қажет. Егер үлгермесе, колледж өз жұмысын уақытша жалғастыра береді. Осы орайда мұғалімдер де, техникалық персонал да жұмыссыз қалмайды", - деп сендірді ол.

Бүгінде колледжде 350 студент оқиды, оның 125-і - бітіруші түлектер. Қалған 225-нің оқуларын басқа білім мекемесінде жалғастыруына тура келеді. Облыстық білім басқармасындағылар оңтайландырудың нәтижесінде үлкен ғимаратты ұстап тұруға кететін қомақты қаражат үнемделетіндігін алға тартады. Үнемделген қаражат басқа колледждердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу