"Өзі шегіп алған": Елордада есірткі өсірген таролог ұсталды

784

Оның үйінен табылған өсімдіктер мен жабдықтар тәркіленді.  

"Өзі шегіп алған": Елордада есірткі өсірген таролог ұсталды Фото: polisia.kz

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында өзін таролог ретінде таныстырып, үйінде түрлі рухани тәжірибелер мен Таро карталары арқылы бал ашу сеанстарын өткізген 54 жастағы қала тұрғынының пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды.

Әйел құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты арнайы жабдықтап, оған жасанды жарық шамдарын және өзге де қажетті құралдарды орнатқан.

Тінту барысында полиция қызметкерлері бірнеше түп марихуана бұтасын және оларды өсіруге пайдаланылған жабдықтарды анықтап, тәркіледі.

Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша әйел адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу